ҚР Жоғарғы сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Аслан Түкиев тағайындалды.
Сурет: Жоғарғы сот
2000 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын және 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Түркия, Германия, Франция, Латвия елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Аслан Түкиев — заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
2019-2020 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болды.
Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Нұрсерік Шәріпов тағайындалды.
Сурет: Жоғарғы сот
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Осы университеттің әкімшілік құқық кафедрасында ассистент қызметін атқарды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2018-2021 жылдары Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды.
2021 жылдың желтоқсанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болды.