Тоқаев Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Кездесу барысында Президент Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, делінген Ақорда сайтында .

Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуі тиіс.  

Мемлекет басшысына партияның жұмысын қайта құру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Асхат Ораловтың айтуынша, саяси ұйымның Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған жол карталарының жүзеге асырылуы бойынша жүйелі талдау жүргізіліп жатқанын баяндады.

Nur Otan
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді