Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлін аралап көрді

Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясына жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысының Татарстан Республикасына сапары «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығына барудан басталды.

Ондағы көрікті жерлерді Қасым-Жомарт Тоқаевқа Татарстан Президенті Рустам Минниханов таныстырды.

Рустам Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлі аумағындағы «Құл Шариф» мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.

Сурет: Ақорда

Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды.

Благовещенский соборында Қазақстан Президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.

«Құл Шариф» мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің Жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.

Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.

Сурет: Ақорда

Сурет:Ақорда

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз