«Антикор» ұрланған активтерді қайтаруға ерекше назар аударуы керек — Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Олжас Бектеновті таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді, делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар Президент елден ұрланып кеткен активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.

Қазақстан
Антикор
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды