Тоқаев азаптау мен қатыгездікті жоюды тапсырды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура басшылығымен кездесуінде азаптау мен қатыгездік сияқты ортағасыр құбылыстарын жою маңызын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған Бас прокурор Берік Асыловты таныстырды.

Президент кеңесте азаптау, қатыгездік сияқты ортағасырлық құбылыстарды тамырымен жоюдың маңызын айтты. Бас прокуратураға тергеудегілер мен сотталғандарға адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге жауапкершілікті күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу тапсырылды, делінген Ақордадағы хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысы кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, расталған әрбір хабарламаға дер кезінде мән беруді, тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат таратуды тапсырды.

Президенттің сөзінше, қоғамдық-саяси тұрақтылыққа төнетін қатерді жою және әлеуметтік шиеленістерді шешу үшін қоғамда қолдау табатын жаңа идеялар мен тәсілдер, жаңаша ойлайтын жаңа кадрлар қажет.

Сонымен қатар ол бұрынғы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз