Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Бас прокурорды таныстырды

бас прокурорды таныстырды Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған Бас прокурор Берік Асыловты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент бұрынғы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қоғамның басты талабы заңдардың қатаң сақталуы екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір прокуратура органдарына жүктелген ең үлкен міндет – қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру.

президент Бас прокурорды таныстырды

Сурет: akorda.kz

Президент кеңесте тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, расталған әрбір хабарламаға дер кезінде мән беруді, тергеу барысы жөнінде халыққа уақтылы ақпарат таратуды тапсырды.

Сондай-ақ Бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, антигуманистік қатынастарға қатысты жауапкершілікті күшейтетін ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Президенттің айтуынша, саладағы жұмысты ілгерілету үшін қоғамның қолдауына ие болатын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандар қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз