Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысына атсалысқандар марапатталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Ол мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалағанын атап өтті.

Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін президентке алғыс айтып жатыр. ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли

Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.Сондай-ақ Берік Уәли Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан қызметкерлерді президент мемлекеттік наградалармен марапатталғалы жатқанын жеткізді.

Бүгін мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Берік Уәли
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: