Президент Ақордада Наурыз мейрамына орай бірқатар қазақстандықты наградтап жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев әр салада елеулі жетістікке жеткен азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараға қатысушылар Ақордаға жиналды. Президент те келді.

Саланатты іс-шара басталды. Әуелі Президенттік оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

Біздің мақсатымыз – тиімді мемлекет және әділ қоғам құру. Сондай-ақ, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс саласын жақсарту. Ең бастысы – қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыру.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ел ішінде бейбіт күнде еңбегімен, қиын сәтте ерлігімен көзге түскен жандар аз емес. Кешегі дүрбелең кезінде қаншама азаматымыз жұртты сабырға шақырып, салиқалы сөз айтты. Олар өз басын қатерге тігіп, айналасындағы адамдарға көмектесті. Осындай отаншыл тұлғаларымыз – жас ұрпаққа өнеге», – деді Президент салтанатты іс-шарада.

Мемлекет басшысы лге еңбегі сіңген жаңдарға Ұлыстың Ұлы күнінде құрмет көрсетудің зор символдық мәні бар екенін айтты.

Мен Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ қайраткерімізге мемлекеттік награда тапсыру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл іс-шараны осы мейрамға орай өткізуді игі дәстүрге айналдырамыз.Президент

Айта кетейік, осыған дейін Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталғаны хабарланған еді.

Марапатталғандар арасында өндіріс саласының өкілдері, денсаулық сақтау, бизнес, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еріктілер бар.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: