Мемлекет басшысы: Реформаны созып, арқаны кеңге салуға болмайды

Сурет: президенттің БОРТ N1 каналы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Конституциялық өзгерістер кезең-кезеңімен болатынын, сайлау, саяси партиялар туралы және басқа да бірқатар заңдар өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституциялық өзгерістер, осылайша, кезең-кезеңімен қолданыла бермек. Жаңарған Конституция толыққанды қолданысқа енуі үшін әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдауымыз қажет. Сайлау туралы, саяси партиялар туралы және басқа да бірқатар заңдарды өзгертеміз. Бұл елді табысты жаңғырту тұрғысынан өте маңызды.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы реформаны көп созбай, өзгерісті қазір жасау керек екенін қосты. Оның айтуынша, басты заңдар жыл соңына дейін қабылдануға тиіс.

Заңдарды қабылдау үшін бірнеше ай, тіпті, жарты жыл уақыт қажет болуы мүмкін. Бірақ реформаны созып, арқаны кеңге салуға болмайды. Жұрт нақты өзгерістердің қазір болғанын қалайды. Сондықтан депутаттарымыз негізгі заң жобаларын осы кезден жинақтай беруі керек. Сосын күзгі сессия басталғанда бірден іске кіріскен жөн. Басты заңдар жыл соңына дейін қабылдануға тиіс. Сонда ғана жан-жақты жаңғыруды жоғары қарқынмен жалғастыра аламыз. Президент

Еске сала кетейік, бүгін жаңадан құрылған Ұлытау облысында Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды