Тоқаев мемлекеттік тапсырыс, сыйлықақылар және қайырымдылық жайлы заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық пен волонтерлікті ынталандырудың қаржылық емес шараларын енгізуді ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы кезінде стратегиялық серіктестікті енгізетін Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді.

Құжатта 5 кодекс пен 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Бұл заңда ұлттық заңнаманы үйлестіруге және біріздендіруге, сондай-ақ волонтерлік және қайырымдылық қызметті жетілдіруге бағытталған өзге де түзетулер ескерілген.

23 маусымда заң жобасы талқысы кезінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев заң бірқатар қоғамдық қатынасты реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіретінін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты