Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері министріне ризалығын білдірді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрімен шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ислам әлеміне қасиетті болған Мекке мен Мединенің орналасқан мекені – Сауд Арабиясы өкілдерінің бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы өте маңызды екенін атап өтті.

Президент Қос Киенің Сақшысы, Король Салманның Арнайы өкілі ретінде сауд делегациясын бастап келгені үшін министрге ризашылығын білдірді.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуы беделді жаһандық диалог алаңына айналғанын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады