Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Сурет: akorda.kz
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Самарқандқа барып келген болатын.

16 қыркүйекте Қазақстан Президенті шағын құрамдағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста сөйлеген сөзінде ШЫҰ – қазіргі әлемдегі барлық ұйымның ішіндегі ең табысты халықаралық ұйым екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Самарқанд декларациясы қабылданды.

АҚШ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты