Президент өз сөзінде билік пен қоғам арасындағы диалог нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бұл ауқымды іске барша қоғам жұмылдырылғанын жеткізді.
Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек. Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін.Касым-Жомарт Токаев
Мемлекет басшысының айтуынша, реформалар неліктен жүргізіліп жатыр деген сұрақ тууы мүмкін.
Мәселе мынада: президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, мемлекет басшысына да абырой әкелмейді. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуымыз керек. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр.Президент
Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленгенін еске салды.
Біз бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткіземіз. Түркістандықтар да сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасайды деп сенемін. Отанымыздың болашағына бәріміз бірдей жауаптымыз. Сондықтан, баршаңызды ел тағдырына бей-жай қарамауға шақырамын. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Түркі әлемінің бойтұмары – Түркістан көркейе берсін! - деп аяқтады президент Түркістан жұртымен кездесуде айтқан сөзін