Тоқаев Қатар әмірін елорда әуежайынан күтіп алды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда Telegram-арнасының мәліметінше, Қатар әмірі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген.

Сондай-ақ сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады, делінген ресми хабарламада.

Елордада мемлекет пен үкімет басшыларының қатысуымен ірі халықаралық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 10 қазаннан бастап Астана полицейлері қызметтің күшейтілген режиміне көшті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті