Тоқаев профессор Наум Шафердің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев профессор Наум Шафердің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, профессор Наум Григорьевич Шафердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деп жазылған жеделхатта.

Наум Шафер 11 қазанда қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, музыкатанушының бірегей жинағында 27 мыңға жуық таспа бар. Павлодарда Наум Шафердің музей-үйі бар.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді