Қатар әмірі Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Сурет: akorda.kz
Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани Қазақстан астанасына жасаған мемлекеттік сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевты 2022 жылы өтетін әлем чемпионатын тамашалауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әмір келесі айда (қараша – ред. ) Қатарда әлем чемпионаты басталатынын айтты. Ол Қазақстаннан келетін қонақтарға билет жіберілетінін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Әлем чемпионатына шақырамын. Ол кезде Қазақстанда сайлау өтетінін білемін. Бірақ уақыт тауып, чемпионатты тамашалайсыз деп сенемін. Қатар әмірі

Футболдан әлем чемпионаты 2022 жылғы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтеді.

Қатар әмірі Астанаға 11 қазанда келді. 13 қазанда шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне қатысады.

Қазақстан
Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды