Қасым-Жомарт Тоқаев патриоттық челленджді қолдап, желіде пікір қалдырды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев желіде 2020 жылы 25 маусымда жарияланған Нұрлан Қоянбаевтың Қазақстан туымен байланысты челленджін қолдап, пікір қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Instagram-дағы продюсер жарияланымы астына пікір де жазып қалдырды.

"Көк туымыз мәңгі желбірей берсін!", деп жазды Президент.

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Айта кетсек, отандық продюсер Нұрлан Қоянбаев 2020 жылы 25 маусымда әлемдік рекорд орнату үшін Instagram парақшасында Қазақстан туының суретін жариялап, ерекше челленджді іске қосқан болатын. Ондағы мақсат - пікір жинаудан әлемдік рекорд орнату. Бүгінгі таңда Қазақстан туының суреті бар Instagram-дағы бұл жарияланым 13 млн 894 мың 392 пікір жинап үлгерген.

Нұрлан Қоянбаев Президенттің қолдауына өз ризашылығын білдіріп, желіде жауап жазды.

"Достар, біздің жобамызды Президент қолдады! Біздің бастаған жобамыз - әлеуметтік желіде де бір ел, бір күш екеніміздің айғағы. Көк туымыз желбірей берсін! Президентімізге #respect !!!", деп жазды ол желіде.

2022 жылы 3 маусымда Нұрлан Қоянбаев аталған челленджді ел азаматтарының есіне салып, қайта бөлісті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді