Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды

Көші-қон, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, кірпіш зауыты, Қытай, азаматтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 23:19 Сурет: polisia.kz
Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Жабай ауылының маңында салынып жатқан кірпіш зауытына тексеру жүргізді. Тексеру барысында объектінің құрылыс жұмыстарында Қытай Халық Республикасының 75 азаматы еңбек ететіні анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуының, сондай-ақ олардың еңбек қызметін жүзеге асыруының заңдылығын және қажетті рұқсат құжаттарының болуын тексеру мақсатында барлық 75 азамат Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

"Қазіргі уақытта анықталған фактілер бойынша тиісті іс жүргізу іс-шаралары жүргізілуде. Әкімшілік материалдардың әрқайсысы бойынша шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады. Тексеру нәтижелері бойынша шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны және еңбек қызметін қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі ұйым басшысына қатысты әкімшілік хаттама жасалатын болады", делінген полиция хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: