Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.

Сурет: akorda.kz

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған еді.

25 қазанда 13 жылдық үзілістен кейін қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Республика күнін тойлайды. Биыл мемлекетімізге 31 жыл толып отыр, бірақ Тәуелсіздікке алғашқы қадамдар одан да ертерек, 1990 жылы жасалды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Осы оқиғаға орай 1995 жылы бұл күн мемлекеттік мереке – Республика күні болып жарияланды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті