Мемлекетке 5 миллионнан астам гектар жер мерзімінен бұрын қайтарылды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке ауыл шаруашылығы саласын дамытудың биылғы 9 айдағы негізгі қорытындылары туралы есеп берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Министрдің айтуынша, жалпы өнім көлемі 6,9 пайызға артып, 6,8 триллион теңгеге жеткен. 21,8 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмаларының орындалу нәтижесі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, мемлекетке 5 миллион гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жерлер негізінен жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге беріледі, делінген хабарламада.

Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 миллион гектар жерді игеруге кірісті.

Бұдан бөлек, ветеринария жүйесін реформалау үшін қабылданған кешенді шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді