Тоқаев Ердоған мен барша түрік халқын Республика күнімен құттықтады

Сурет: ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент құттықтау жеделхатында аталған датаның тарихи маңыздылығын атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Ұлт бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі, еркіндік пен жасампаздықтың бірегей нышаны болған бұл күннің ел тарихында орны ерекше екені сөзсіз. Осы құндылықтарды ту еткен Анадолы елі – қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет. Мұның бәрі ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз бен дана саясатыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіздің арқасы деп білемін. Осы тұста Сіздің парасатты басшылығыңызбен Отаныңыздың әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселей беруіне тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Түркия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, отбасына баянды бақыт, ал ағайын түрік халқына мол ырыс пен құт-береке тілейтінін жеткізді.

Қазақстан
Түркия
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды