Тоқаев Сеулдегі қайғылы оқиғаға байланысты Корея президентіне көңіл айтты

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл білдірді.

Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орындары орналасқан Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған топ адамдар есінен танып, кейбірі аяқ астында қалып кеткен.

Шұғыл қызмет қаза тапқандар саны 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Сеул қаласындағы қайғылы оқиғаның салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Оңтүстік Кореядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.

Бүгін ҚР СІМ Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапқаны туралы суыт хабар жеткізді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты