Тоқаевқа жасанды интеллектіні бизнесте пайдалану қаншалықты тиімді екені айтылды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда креативті индустрия өкілдерінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жас кәсіпкерлермен кездесу барысында креативті индустрияның қазіргі әлемде маңызды рөл атқаратынын атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан креативті индустрия саласында алдыңғы қатарға шыққанына өте қуаныштымын. Бұл тұрғыда Қазақстан туралы оң пікірлер айтыла бастады. Осындағы азаматтар бұған зор еңбек сіңірді. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мегаполисте қандай стартап-жобалар жүзеге асырылып жатқаны және жасанды интеллектіні бизнесте пайдалану қаншалықты тиімді екені айтылды. Мемлекет басшысына Алматыда ғана емес, бүкіл елімізде креативті индустрияны дамытудың негізгі перспективалары таныстырылды.

Президент жас мамандардың осы саладағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ бүгінде креативті секторды қолдау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардың бастамаларына табыс тіледі.

Сурет: akorda.kz

Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды