Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымның сенімі – маған аманат

Сурет: видеодан алынды
Ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлау қорытындысы бойынша өзіне сенім білдірген халықтың үмітін ақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы атап өткендей, сайлауда Қазақстан халқы өз кандидатурасын қолдап, көптеп дауыс берді.

"Шын мәнінде, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес. Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндігі деп білетінін де жеткізді.

"Қазақта "аманат" деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев

26 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.

Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды