Тоқаев бүгінгінің нағыз қаһармандары жайлы: Ол таңмен таласа оянатын еңбек адамы

"Көпшілік қазіргі уақытта нағыз батырлардың жетіспейтінін айтады. Бірақ нағыз қаһармандар жұрттың назарынан тыс жерде. Олар біздің арамызда". 26 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Олар біздің арамызда. Батырлар күн сайын зауыт станогында жұмыс істейді, қоғамдық көлік жүргізеді, ұшақ штурвалына отырады, құтқарушының қорғаныс киімін киеді, науқасқа жедел жәрдем беруге асығады, әскери техниканы меңгереді". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол нағыз батырлар балаларымыз бен қарт ата-аналарымыздың дастарханы ас-ауқат толы болуы үшін ауылда таңмен таласа оянатынын айтты.

"Біздің батырлар – өзінің жеке кәсібін бастайтын, жұмыс орындарын ашатын, қызметкерлері мен олардың отбасыларына жаңа мүмкіндіктер тудыратын кәсіпкерлер. Біздің батырлар – өзінің махаббаты мен күш-қуатын, тәжірибесі мен білімін, мүлкі мен қаражатын қоғамға риясыз ұсынатын еріктілер мен игі іс жасайтындар. Олардың барлығы – халықтың мақтанышы әрі үміті. Міне, осындай еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі". Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: