Ғабидулла Оспанқұлов Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болды

Сурет: primeminister.kz
9 желтоқсан ҚР перзидентінің өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды," – Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта.

Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

Түрлі жылдары ҚР парламентінде, Президент әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді