Тоқаев жергілікті билік өкілдері президент саясатын орындамай отырғанын мәлімдеді

Сурет: akorda.kz
12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өтініштер жиынтығымен жүйелі жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл ғана мемлекеттік органдарға нақты проблемалармен бір жарым миллионнан астам өтініш түскен.

Елімізде мемлекеттік органдарға өтініш беруді жеңілдету үшін E-Otinish жүйесі іске қосылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, талдау көрсеткендей, азаматтар сұрағына жауап таба алмай, Президент әкімшілігіне хат жазуға мәжбүр.

Көбі жергілікті билік халықтың мұң-мұқтажын тыңдағысы келмейтінін, президент саясатын орындамай отырғанын тікелей айтады. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар өтініштерге ерекше жауапкершілікпен қарау керек. "Естуші мемлекет" тұжырымдамасы бастапқыда белгіленген басымдықтар аясында нақты іске асырылуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның жүйелі байланысын орнату. Мемлекет жүйелі мәселелерді дер кезінде шешіп, дабылдарға тиімді жауап қатуы керек. Көптеген адам әлеуметтік желілердің әлеуетін өз мүдделері үшін пайдаланады.

Бұл ретте Президент осыныңы кесірінен көптеген мәселе шешілмей отырғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды