Тоқаев футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған Қатар Әмірін құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымен құттықтады. Бұл жаһандық спорттық шара Қатардың дамыған әрі бейбітсүйгіш ел ретінде әлеуеті мол екенін паш етті.

Тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады.  Осы ретте Қатар Әмірінің жуырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауданы жандандыру және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қатар Қазақстандағы ең ірі он инвестордың қатарына кіретініне сенім білдірді.

Қазақстан
Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз