Президент жаңадан тағайындалған Эльвира Әзімовамен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ақордада Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы лауазымына кірісетін Эльвира Әзімованы қабылдады. 

Президент Конституция нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін жаңа орган құрудың маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот еліміздегі демократияның негізгі қағидаттарының орнығуына үлес қосып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға зор үлес қосатынына сенім білдірді. 

Жаңа орган Конституциялық Кеңестің құзыретіне кірген мәселелер шеңберінен тыс азаматтардың белгілі бір нормативтік құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтын өтініштерін де қарайды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы