Тоқаев Рудныйда жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратпен Ақорданың Telegram арнасы бөлісті.

"Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев


Сурет: Telegram/Aqorda


Сондай-ақ мемлекет басшысы желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жететінін атап өтті.

"Осы жұмыстармен айналысу қажет", - деді Президент.


Сурет: Telegram/Aqorda


Айта кетсек, 19 қаңтарда Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалған болатын. 

Қостанай Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: