Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рустам Жүрсінов Президентке 2022 жылы 4408 өтініш келіп түскенін, оның 1530-ы (34%) оң шешімін тапқанын және 1030 (23%) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ былтыр бизнес-омбудсмен еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлермен кездесу өткізген.

Уәкіл өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілгенін жеткізді.

Сонымен қатар Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі