Екі жер учаскесі сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне қайтарылды

Сурет: akorda.kz
10 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары баяндалды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, бүгінде университетте 24 мыңнан астам студент, соның ішінде әлемнің 54 елінен 2,8 мың шетелдік азамат білім алады. 542 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, ғылыми орталықтар мен ғылыми жобалар саны артқан.

"2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді. Алматыда университет базасында МИФИ (Мәскеу) филиалы ашылды", – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы көтерілгені туралы баяндалды.

Сонымен қатар оқу ғимараттарына, зертханаларға, жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне екі жер учаскесі қайтарылды.

Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты