Тоқаев Түркі мемлекеттері басшыларын Түркістанға шақырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні мемлекет басшыларын Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Биыл қазан айында киелі Түркістанда Ұйымның оныншы мерейтойлық саммиті өтеді. Сіздерді осы алқалы жиынға қатысуға шақырамын", –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде сөйлеген сөзінде.

Бұдан бөлек, күзде ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға жүктелетінін алға тартқан Қазақстан Президенті "сол кезде бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылатынын" атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін айтты.

Түркия
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін