ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысушылар Анкара декларациясына қол қойды

Сурет: akorda.kz
Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысушылар бірқатар маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;

2. Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;

3. Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызға қараған түні Анкараға жұмыс сапарымен келіп жетті.

Саммитте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салуға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бауырлас түрік халқына деген шынайы қамқорлықтың белгісі болады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынды.

Саммитке дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізді.

Түркия
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті