Адвокат Бұрхан Жансейітовті қамауда ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Тергеу амалдарына байланысты адвокат Бұрхан Жансейітовті қамауда ұстау мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 7 сәуірдегі хабарламасы бойынша сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Ж.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін 1 айға, яғни 2023 жылғы 10 мамырға дейін ұзартуға санкция берілді", делінген Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Айта кетсек, 2022 жылы 15 шілдеде Қаржы мониторингі агенттігі адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіргені үшін қамауға алынғанын хабарлады.

Көп ұзамай 17 шілдеде заңгерге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы "үйқамаққа" ауыстырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы