Ақша бопсалады деп айыпталған Павлодар тұрғыны өз-өзін өртеп жіберді

Сурет: Zakon.kz
24 сәуірде сағат 00:05-те Павлодар қаласында Малайсары батыр және Кіші айналма жол көшелерінің қиылысында 29 жастағы ер адам өз үстіне от қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға салдарынан күйік алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша ер адамды №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін, денесінің 65 пайызын күйік шалғанын, қазір өкпені жасанды желдету аппаратында, жансақтау бөлімінде жатқанын айтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде зардап шегушінің әйелі полиция қызметкерлері қысым жасағандықтан күйеуі көрші екеуі осы акцияны ұйымдастыруға мәжбүр болғанын айтады. Өйткені оларға ақша бопсалады деген айып тағылған.

Павлодар облыстық полиция басқармасы бопсалау фактісі болғанын растады.

"Ер адам Павлодар тұрғынынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3- тармағының 1-бөлігі, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі, оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша танылғанға дейін", - деді облыстық полиция департаменті.

Өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды