Қазақстан бензин мен мұнай өнімдерін шетелге шығаруға салынған тыйымды ұзартты

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 12:53 Фото: Zakon.kz
Энергетика министрі 2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетуге қатысты бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге төмендегі өнімдерді әкетуге тыйым салынады.

Автомобиль көлігімен:

  • Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынады. Бұл шектеу майлау материалдарына қатысты емес.

Тыйым мына жағдайларға қолданылмайды:

  • автокөлік құралдарын өндіруші зауыт белгілеген жанармай бактарындағы отынды тәулігіне бір реттен артық емес әкету;
  • қоспаларды іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына, тәжірибелік-өнеркәсіптік партия үлгілерін біліктілік және зертханалық сынақтан өткізуге, сондай-ақ авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекітуге немесе қайта бекітуге қажетті авиациялық отынды әкету. Бұл үшін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі, тиісті жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен жасалған шарт және қажетті үлгілер мен авиациялық отын көлемі көрсетілген хат болуы керек;

Қазақстан Үкіметінің шешімімен гуманитарлық көмек аясында мұнай өнімдерін әкету.

Теміржол көлігімен:

  • Мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынады. Алайда "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңның 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілген жеткізу жоспарлары бойынша бензин әкетуге, сондай-ақ Үкімет шешімімен гуманитарлық көмек аясында мұнай өнімдерін шығаруға рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын әкетуге тыйым салынады.

Бұйрық 2026 жылғы 16 қарашадан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерін шетелге шығаруға 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін алты ай мерзімге тыйым салынғаны хабарланған болатын. Бұған дейін де бұл шектеу бірнеше рет ұзартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: