Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жетілдірілмек

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына түзетулер қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған заң жобасы туралы депутат Снежанна Имашева баяндама жасады.

"Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін анықтауды, оның ішінде адам саудасына қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдарды құруды, олардың құқығы мен міндетін, оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жаңа ұғымдарды енгізу және заң нормалары қолданылатын тұлғалар шеңберін, адам саудасына қарсы күрес субъектілері мен олардың құзыретін анықтау, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды көздейді", - деді ол.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы «Неке және отбасы туралы» кодекске, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, прокуратура органдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға балаларды қабылдау фактілері туралы хабарлау міндетін енгізуге, сонымен қатар адам саудасымен байланысты қылмыстардың тізбесі, құрбандарды арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығын хабардар етуді міндеттейді.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасында медициналық ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестеден бас тарту фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделген.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: