"Сығалап, телефонға түсірген". Атырау тұрғыны әйелдер дәретханасындағы оқиғадан кейін қамауға алынды

Телефон, Атырау, жас жігіт, әйелдер, дәретхана , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 20:57 Сурет: pixabay
Атырауда сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің әйелдер дәретханасында біртүрлі оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, дәретханада болған әйелдердің бірі басын көтеріп, көрші кабинаның жоғарғы жағынан жас жігіттің өзіне үңіліп қарап тұрғанын байқаған. Айғайға басқанда жігіт кабинаны іштен бекітіп, сыртқа шықпай қойған. Ақыры күзетшіні оны кабинадан күштеп шығарған.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт аңдып қана қоймай, әйелдерді телефонға түсірген. Келушілердің бірі оның галереясынан дәретханада түсірілген фотосуреттер табылғанын айтады. Жас жігіттің өзі болса, мұның бәрін жоққа шығарып, дәлел көрсетуді талап еткен.

Атырау облыстық полиция департаменті жас жігіттің ұсталып, әкімшілік тұрғыдан ұсталғандарға арналған қапасқа қамалғанын хабарлады. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылуда.

Бұл ретте полиция әйелдерді жасырын түсірді деген ақпараттың расталғанын, әзірге нақтыламаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: