Атырау облысында 27 жастағы жұмысшы қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
24 шілдеде жекеменшікке тиесілі техникалық жөндеу орталықтарының бірінде қайғылы оқиға орын алды. Шетелдік көлікті жөндеу кезінде 27 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адамның өлімі туралы фактіні Атырау облысының полиция департаменті растады.
"Атырау қаласындағы мекемелердің бірінің жұмысшысының өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу шаралары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Полиция тергеу жүргізіліп жатқандықтан қайғылы оқиғаның мән-жайына қатысты толығырақ ақпарат беруден бас тартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript