"Тау-кен массасы опырылып түскен". Хромтаудағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы "Болашақ" шахтасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 20 қазанда шахтадағы жұмыстар кезінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" газеті "Қазхром" АҚ-ға сілтеме жасай отырып, Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмыс жүргізу кезінде тау-кен массасы опырылып түскенін жазады. Жұмысшы оқиға орнында тіл тартпай кетті.
"Бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын басшылығы қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына қажетті барлық көмекті көрсетеді", деп атап өтті кәсіпорыннан.
Бұған дейін "Алтыналмас АК" АҚ өндірістік нысандарының бірінде адам өліміне әкеліп соққан жазатайым оқиға орын алғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript