Жетісу облысында кең жазық дала өртеніп жатыр

Дала өрті, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Борлытөбе, Құрақсу, орман шаруашылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 19:45 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 21 қазанда Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Борлытөбе орман шаруашылығының Құрақсу орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шалған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды.

"Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД мен орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды. "Қазавиаорманқорғау" желісі бойынша "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен жалпы көлемі 11,4 тонна су 19 рет төгілді. Елдімекендер мен шаруа қожалықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін бүгін, 2026 жылғы 21 қазанда Алматының Алатау ауданында өрт кезінде екі қабатты ғимараттың шатыры опырылып түсіп, төрт адам зардап шеккені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: