"Құлдыққа түсіп, қайыр тілеуге мәжбүрмін": Алматы облыстық полициясы желідегі видеоны тексерді

Сурет: видеодан алынды
Алматы облыстық ПД әлеуметтік желідегі өзін құлдықта ұстап, қайыр сұрауға мәжүрледі деген ер адамға қатысты видеоны тексеріп, ақпараттың рас-өтірігін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода бір аяғы жоқ балдақтағы адам белгісіз адамдар құжаттарын тартып алып, көшеде қайыр тілеуге мәжбүрлегенін айтады. Оның айтуынша, ол жертөледе тұрады, ал жинаған барлық қаражатты өзін құлдықта ұстайтын адамдарға береді.

Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мен прокуратура аталған факті бойынша арнайы тексеру жүргізді.

"Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде видеода айтылған дәйектер расталмады. Тексеру жұмыстары кезінде 1991 жылы туған азаматтың айтқандарына дәлел табылмағаны белгілі болды. Іс бойынша тергеудің толыққандылығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тексеру шаралары жалғасуда", делінген хабарламада.


Ер адам көшедегі адамдарды алдағанын мойындап, видео жариялады.

"Менің аяғымның тізесінен төменгі жағы жоқ. Бір кездері бармақтарымды үсітіп алғанмын. Бірнеше ота жасалды, аяғында аяғымды кесті. Базарға барып, адамдардан ақша сұрадым. Сол кезде бір қыз мені видеоға түсіре бастады, сасқанымнан "мені құлдықта ұстайды" дей салдым. Шындығында мені ешкім ұстап отырған жоқ, өз бетіммен қайыр тілеп жүрдім", - дейді ер адам.
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады