Қазақстанда өсек айтқанға салынатын айыппұл көлемі қандай

Зейнеткер, Қарағанды облысы, сот, өсек, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 19:08 Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда танысы туралы өтірік айтып, өсек таратқаны үшін зейнеткер әйел сотқа тартылды. Ол үшінші бір тұлғалардың көзінше танысы "баласын күйеуінен таппаған" деп айтқан. Осы сөзі үшін зейнеткер қомақты көлемде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылғы 12 маусымда Қарағанды қаласының шағын аудандарының бірінде М. үшінші тұлғалардың қатысуымен жәбірленуші К-ға қатысты оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқанын анықтады.

М-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың көрсетулерімен, сондай-ақ сот отырысында зерттелген өзге де дәлелдемелермен расталды.

Соттың 2026 жылғы 12 тамыздағы қаулысымен М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 160 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды (692 мың теңге), айыппұл мөлшерін 30%-ға қысқартуды ескере отырып, өндіріп алынатын түпкілікті сома 484 400 теңгені құрады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында тағы бір сарбаздың өлімі туралы фейк ақпарат пайда болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: