Мамандандырылған ХҚКО ісі: Қызметкерлерінің ұсталуына байланысты құзырлы орган түсінік берді

Сурет: Zakon.kz
Елордалық мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің ұсталуына қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі елордалық мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін ұстауға мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері бастамашы болғанын жеткізді.


"2022 жылдың 20 сәуірінде 01-28-08/3077 нөмірі бойынша Антикорға іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Астананың арнайы ХҚКО-ларында 16 көлік құралын заңсыз тіркеу фактісі орын алғаны туралы хат жолданды". "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі


Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлерінен тұратын ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағаны белгілі болды.

Антикор атап өткендей, қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркегені анықталды. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 млрд теңге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Қылмыс жасады деген күдікке барлығы 30 адам ілініп отыр. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды