Жетісу облысында арнайы операция жүргізіліп, ірі есірткі сатушы ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Жетісу облысының полицейлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, 51 жастағы синтетикалық есірткі сатушыны ұстады. Ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатуға қатысты сотты болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананың 108 түп тамырын тапты. Сондай-ақ дайын кептірілген 40 қарасора түптері, есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде "синтетикалық" есірткілер және қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.

Күдікті УҰИ-ға қамалды.


"Тергеу амалдары, синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін, қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді