Қазақстанда салық аудитінің қорытындысын рәсімдеу талаптары өзгерді
Фото: freepik
Өзгерістерге сәйкес, "салық аудитінің қорытындысы" ұғымы нақтыланды. Ол салық аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытындыны білдіреді.
Сонымен қатар қорытындыны аудитор-орындаушының жеке мөрімен және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландыру талабы белгіленді. Құжат бұрынғыдай аудитордың қолымен рәсімделіп, ұйым басшысының қолымен бекітіледі. Бұдан бөлек, салық аудиті қорытындысының жаңа нысаны бекітілді.
Атап айтқанда, бөлімдердің құрылымы қайта қаралып, аудит жүргізілетін субъект және аудит нәтижелері туралы мәліметтердің нөмірленуі өзгертілді. Салық төлеушінің куәлігі, электрондық салық төлеуші ретінде тіркелуі және төлем терминалдарының тіркеу деректері туралы ақпаратты қамтитын жекелеген жолдар алынып тасталды.
Бұдан басқа, аудит нәтижелерін көрсетуге арналған кестелер жаңартылды. Олардың ішінде салық салынатын кірісті, өткен кезеңдерден ауыстырылған залалдарды және түзетулерді есептеуге арналған кестелер бар.
Бұйрық 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.