Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 09:03 Фото: pexels
Қаржы министрі 2026 жылғы 4 тамыздағы бұйрығымен Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау қағидаларына енгізілген негізгі өзгеріс тәуекел бейіндерінің тізбесіне қатысты. Олардың саны өзгерген жоқ – бұрынғыдай 31 бейін бар. Алайда заңбұзушылықтарды анықтаудың жекелеген өлшемшарттары нақтыланды.

Ең маңызды өзгеріс №15 "Мемлекеттік сатып алу көлемдерінің сәйкестігі" тәуекел бейініне енгізілді. Енді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бюджетке, даму жоспарына немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмеуі ғана емес, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жобалардың сатып алудың жылдық жоспарында болмауы не олардың басқа жобалармен алмастырылуы да заңбұзушылық болып саналады.

Сондай-ақ жасалған шарттарға өзгерістер енгізуге қатысты №22 тәуекел бейіні түзетілді: Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының тиісті нормасына берілген сілтеме нақтыланды.

Техникалық ерекшеліктерге қойылатын талаптарға қатысты №20 тәуекел бейініндегі жекелеген тұжырымдар да нақтыланды.

Бұл ретте заңбұзушылықтарды жоюдың негізгі тәсілдері өзгеріссіз қалды. Жағдайға байланысты сатып алуды жою, құжаттамаға немесе жылдық жоспарға өзгерістер енгізу, шарт жобасын не орындалған жұмыстар актісін кері қайтарып алу көзделеді.

Бұйрық 2026 жылғы 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: