"Ақысы - 350 мың теңге". Өзге елдің азаматы шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізуді ұйымдастырған

Шекара, Жамбыл облысы, Меркі, шетелдік, әйел, Қазақстан, заңсыз көші-қон, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 20:30 Сурет: unsplash
Жамбыл облыстық соты апелляциялық тәртіппен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша екі адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меркі аудандық соты сотталған Т-ның шет мемлекет азаматшасы және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бола тұра, ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз кіруін ұйымдастырғанын анықтады. Ол шетел азаматтарын Қазақстан аумағында қарсы алып, оларды елдімекендерге жеткізу міндеті жүктелген сотталған Б-ны осы әрекеттерге тартқан.

"2025 жылғы желтоқсан айында олар 350 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Өзбекстан азаматын заңсыз өткізуді ұйымдастырып, оны сотталушы Б-ға тиесілі шаруа қожалығының аумағына орналастырған, кейін Мерке ауылына жеткізген. 2026 жылғы қаңтарда сотталғандар Өзбекстанның басқа азаматының 900 АҚШ долларына заңсыз кіруін ұйымдастыруға тырысқан. Алайда олардың әрекетін шекара қызметі анықтаған. Шетел азаматы ұсталып, ал Б. оқиға орнынан бой тасалаған", делінген сот хабарламасында.

Бірінші сатыдағы сот сотталғандардың екеуіне де кінәні мойындауды, соттылықтың жоқтығын және кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Меркі аудандық сотының үкімімен екеудің әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау туралы Заңды ескере отырып, жаза мерзімі 1/4 - 3 жылға дейін қысқартылды. Үш кәмелетке толмаған баласы бар Т-ға қатысты жазаны орындау 2 жылға кейінге қалдырылды.

Үкімге сотталған Т. мен аудан прокуроры шағымданды.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертті. Рақымшылық туралы Заңның негізінде сотталғандарға жаза 1/3 қысқартылып, әрқайсысына 2 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Бұған дейін Таиландтан Қазақстанға есірткі тасыған азамат 16 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: