Қостанайда бірнеше лауазымды тұлға адамды құлдыққа жегу айыбымен сотқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай сотында бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлім басшысы, "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директоры, сондай-ақ "Забота" жеке пансионатының басшысы сотқа тартылды. 

"2021 жылдың 8 желтоқсанынан 2023 жылдың 5 сәуіріне дейінгі кезеңде тіркелген сот материалдарына сәйкес, жәбірленуші М-ның материалдық және өзге де тәуелділігін пайдалана отырып Ж., А. және Б. психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамды пайдалану мақсатында оны Қостанай облысы Федоров ауданы Пешковка ауылында орналасқан "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-ден Астана қаласына заңсыз апарып, онда оны "Забота" жеке пансионатында тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған", делінген сот хабарламасында.


Сотталушылардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәларын толығымен мойындамағаны нақтыланады. Нәтижесінде жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің басшысына 8 жыл, Пешков орталығының директорына 6 жыл 7 ай, жекеменшік пансионаттың басшысы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды